Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Халықаралық қатынастар» факультетінің 1-ші курс стунденттері қазіргі Қазақстан тарихы және дүниетанымдық пәндер кафедрасының доценті Қарабаева Запихан Мухтаровнаның ұйымдастыруымен Мұхтар Әуезов атындағы драма-театрына барды.
Театрда атақты композитор Ш. Қалдаяқовтың «Сыған Серенадасы» қойылымын тамашалады. Қойылымда композитордың шығармашылығы мен өмір жолынан үзінді қойылды. Студенттер қойылымнан кейін өте керемет әсер алды.