Қазан айының 30-ы күні Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында мәдениеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері, қытайтанушы Мұрат Мұхтарұлы Әуезов "Китай в моей жизни" атты тақырыпта қоғам қайраткерлері мен кітапхана оқырмандары, студент және магистрант жастары арасында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге Шығыстану факультетінің деканы Дауен Динара Бақыткерейқызы мен факультет студенттері, магистранттары қатысты. Күн тәртібінде қытайтану саласының алдында тұрған өзекті мәселелері көтерілді. Алға қойылған басты мәселенің бірі, қазақстанда қытайтану институтын ашу тақырыбы болды. Бұл тақырып жан - жақты талқыланып, әр түрлі көзқарастар, ой- пікірлер айтылды, сонымен қатар, институтты ашудағы кедергілер талқыланды.