Қазақ халқында «Күлкі – көңіл көркі» деген тәмсіл бар. Қазіргі инновациялық технологиялар ғасырында адамдардың әзіл-қалжыңы жарасып, көтеріңкі көңіл күйде жүруінің де маңызы зор. Көтеріңкі көңіл-күй адамға шабыт сыйлайды, шабыттан шығармашылық дамиды. Қазіргші кезде телеарналарда әзіл-оспақ бағдарламаларға көбірек орын береді. Біздің университетіміз де орынды, астарлы, мағыналы әзілге қарсы емес. Студенттердің шығармашылығын жетілдіретін, юморға құрылған осынау ойын түрін біліп отырған да боларсыздар, ол әрине – КТК! Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де КТК-ның финалдық ойыны 26 ақпанда «Жас Отан»жастар қанатының ұйымдастыруымен өтті. Финалға өткен 4 команда тамаша ойын көрсетті. Әділқазылар алқасы да өте талапшыл болды, ойынды жан-жақты бағалады. Ойынды залдағы көңілді көрермендер қошаметі мен назарынан ақ бағалауға болады. Ойынды юморист Айтенов Ақан жүргізді.
КТК-ның финалындағы төрт команда ойыншылары да өздерінің ұтқырлықтары мен тапқырлықтарын, сатиралық әрі актерлік шеберліктерін жан-жақты көрсетті. Көрермендер ойыншыларға «Жарайсыңдар, тек қана алға!» деген қолдау, қошеметтеу сөздері арқылы оларға деген ықыластары мен өнерлеріне деген ризашылықтарын білдіріп отырды. Әсіресе «Ерекше жандар» командасы көрермендер көзайымына айналды.
Қазіргі кезде КТК-нда әдебиет, кино, музыка, театр, би, ән, пародия, поэзия, шоу жанрларының барлығы үйлесім тауып, шоғырланып келеді. Сонымен финалдық ойында ойын көрсеткен командалар: «Мұңға батқанда табиғат үні көңілімді менің аулайды» (ән сөздерінен алынған) командасы, «Ерекше жандар» командасы (құрамында «Журналистика» мамандығының студенттері бар), «Шоколад»командасы (үлкен сахналарда өнер көрсетіп жүрген команда) және «Ин.яз жастары»құрама командасы болды. Керемет жүргізуші әрі өзі де КТК өнерпазы Ақан КТК ойынын өзінің жарасымды әзілдерімен жандандырып, көңілді, тартымды жүргізді.
Тапқыр сөз, ұтымды ой, астарлы әзіл, шешендік пен шеберлік –әділқазылар қойған талаптардың негізгілері болды. Көрермендер әрбір ұтымды, тапқыр айтылған әзілге қол шапалақтап, қошамет көрсетіп отырды. Белсенді жанкүйерлердің қошаметі мен қолдау сөздері де үздіктерді таңдауға көмектесті. Сонымен 2019 жылдың КТК-нда үздік команда – «Ерекше жандар» командасы танылды, ал «Үздік ойыншы» деп «Мұңға батқанда табиғат үні көңілімді менің аулайды» командасының ойыншысы Ысқақов Қадыр танылды Кадыр. Барлық командалар алғыс хаттармен марпатталды. Әділқазылар мүшесі, біздің университетіміздің түлегі шоумен Бауржан Баякешов барлық командаларға батут орталықтарына және ролик сырғанақтарына билет табыстады.
КТК мәресіне жеткенімен ондағы ойын көпшілік көрерменнің есінде қалды. Барлық КТК ойыншыларына шығармашылық табыс пен жаңа әзілдер тілейміз. Ал көрермен келесі көңілді ойынды асыға күтеді!