2019 жылдың 4 қазанында Халықаралық қатынастар факультетінде ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты - студенттердің халықаралық ұйымдарда жұмыс істеу мүмкіндіктерін, аналитикалық және зерттеу дағдыларын ашу.
Семинарға қатысқандар:
Д-р Джунусова Мадина Алеевна - Қоғамдық саясат және мемлекеттік басқару институтының ғылыми қызметкері;
Тортбаева Альбина - зерттеу, бағалау және оқыту менеджері, Орталық Азиядағы тұрақты дамуды қолдау орталығы (CASSS);
Қарабалаева Жазира - Абылай хан атындағы ҚазақХҚжәнеӘТУ PhD докторанты.
Семинар барысында спикерлер білім берудің интерактивті әдістерін белсенді түрде қолдана отырып, студенттерді жұмыс процесіне тарту арқылы қызығушылықтарын тудырды.