Ақпан айының 14-жұлдызында университетіміздің тәрбие ісі жөніндегі бөлімінің тікелей бастамасымен полиция қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесудің басты қонағы ретінде Алмалы ауданының басқарма полициясының кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған бөлімшелік аға инспекторы, майор Бейсенова Зарина және жасөспірімдерге арналған бөлімшелік полиция инспекторы Утебаева Мадина Джумакожаевна арнайы қатысты.
Кездесудің басты мақсаты студенттердің заң саласындағы сауаттылығын арттырып, құқықбұзушылықтардан бойын аулақ салуға баулу болды. Кездесу барысында студенттер арасынды аса өзекті мәселеге айналған шылым шегу, алкагольді ішімдіктерді тұтыну, есірткілік заттарға әуестік пен заңсыз көлік айдау сынды бірқатар тақырыптар көтеріліп, олардың салдары талқыланды. Жалпы саны 150-ден аса көрермен қатысқан кездесу оффлайн және онлайн аралас форматында өтті. Кездесу еркін-дебатты түрде жүргізілгендіктен студенттер де өз сұрақтарына жауап алып, заңдар туралы түсініктерін және көзқарастарын кеңейтті.