Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде шетел тілдеріне қызығушылық танытып, болашақ мамандығының қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, актерлік өнерге де ынталы, талантты да ерекше студенттер білім алуда. Соның жарқын мысалы ретінде 2024 жылдың 4 қазанындағы «Ұстаздар күнін» тойлауға арналған ұлы драматург Уильям Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» атты трагедиясының музыкалық қойылымы болды. Спектакльді ұйымдастырушы «6В04201-Құқықтану» мамандығының 3 курс студенті Адиев Әділ. «Халықаралық қатынастар», «Аударма ісі», «Шетел филологиясы», «Екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау», «Журналистика», «Туризм», «Шығыстану», «Менеджмент» факультеттерінде оқитын түрлі студенттердің қатысуымен кеш керемет өтті.