2023 жылдың 7-сәуірінде «Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ» АҚ, халықаралық қатынастар факультетінде, Sanchez Juan испандық қауымдастырылған профессорының «The first Mangaka: The world and art of Katsushika Hokusai» тақырыбында дәрісі өтті. Шетелдік зерттеушінің дәрісі «Eurasia Foundation» (from Asia) жапондық қоры демеушілік ететін “Migration processes in the modern world, United Asian Community” курсының шеңберінде өткізілді. Бұл дәрістер курсы 3 жыл бойы профессор З.С.Айдарбеков жетекшілік етіп келе жатқан «Бірегей Азия – Бір Әлем» ғылыми-зерттеу жобасының құрылымына кіреді, ал жоба үйлестірушісі Заманауи Қазақстан тарихы және дүниетану пәндері кафедрасының қауымдастырылған профессоры Хайруллаев В. X. болып табылады.