21.02.2022 жылы ҚазХҚжӘТУ-ға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, "Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшелері Құспан Айгүл Сайфоллақызы мен Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы келді. Депутаттар ректор С.С. Құнанбаева бастаған университеттің еңбек ұжымымен кездесіп, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Университет ПОҚ өз кезегінде Жоғары мектеп алдында тұрған міндеттерді және Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ жоғары білім беру саласында шешуге бағытталған мәселелерді атап өтті.