Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдерi Университетінің ректоры Құнанбаева Сәлима Сағиқызын Оксфордтың құрметті профессорлар академиялық одағына мүшелік етуімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінде Салима Сағиқызының еңбектері халықаралық ғылыми қауымдастықтың жоғары бағасына ие болуда. Салима Сағиқызына және Университетімізге алдағы уақытта тек сәттілік пен толағай табыстар тілейміз!