2022 жылдың 28 наурызында жапон секциясының оқытушылары мен студенттері Шығыстану факультетінде Хайку бойынша іс-шара өткізді. Хайку - 14 ғасырдан бері белгілі жапондық дәстүрлі вака лирикалық поэзиясының жанры. Шығыстану кафедрасы мен шығыс филологиясы кафедрасының студенттері жапон тілілінде хайку жазып, көрермендер алдында өнер көрсетті.
Бұл іс-шараның мақсаты – әр оқушының мүмкіндіктерін ашып, шығармашылықта өзін көрсетуге мүмкіндік беру. Шарадан кейін шағын фуршет ұйымдастырылды. Сондай-ақ, үздік жұмыстардың иелері шағын сыйлықтармен марапатталды!