30.03.2022 ж. Шығыстану факультетінің шығыс филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен араб әліпбиі негізінде қазақ төте жазуының негізін салушы, тіл реформаторы, алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Қазақстандағы арабтану: тіл, тарих және мәдениет салаларындағы дамуы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде арабтануға қатысты баяндамалар мен сұрақтар талқыланды. Дөңгелек үстелде проректорлар; декандар; кафедра меңгерушілері; оқытушылар мен студенттер; А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан, Қазақстан-Британ техникалық университетінен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен қонақтар; дипломаттар мен араб бөлімінің түлектері – Қазақстан Республикасындағы Араб елдерінің Елшілігінің аудармашылары қатысты.