07 сәуір, 2022 жыл Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ кітапханалық-ақпараттық орталығының директоры және оқытушылары мен Elsevier компаниясының басшысымен кездесу өткізілді.
Компания әлемдік ғылыми қоғамдастықпен ынтымақтасады, жылына 2500-ден астам журналдар мен 2000-нан астам кітап атауларын шығарады. Elsevier компаниясының онлайн шешімдеріне ғылым және білім саласындағы мамандардың өнімділігін арттыру үшін ScienceDirect, Scopus, VciVal, Reaxys, Embase, Mendeley, Pharmapendium, Engineering Village, Knovel және Geofacets кіреді.