Университет ректоры, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Сәлима Сағиқызы ҚХР Чунцин қаласындағы Оңтүстік-Батыс университетінің (South-West University) құрметті профессоры атағын алды.
Аталмыш университет Қытай Халық Республикасының Білім министрлігіне қарасты үздік 30 жоғары оқу орнының қатарына кіреді. Университет – 50 мыңнан астам студент, магистрант және докторанттар білім алатын, көпсалалы жоғары оқу орны. Сәлима Сағиқызы – аталмыш университеттің құрметті профессоры атағын иеленген қазақстандық тұңғыш ғалым. Оңтүстік-Батыс университетінің президенті Чжан Вэйго мырзаның атынан атестатты профессор Ши Лунвэй табыс етті. Оңтүстік-Батыс университетінің президенті Чжан Вэйго мырза Сәлима Сағиқызын дәріс оқуға шақырды.