2022 жылдың 18 қарашасында Теория және қолданбалы тілтану кафедрасы филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрзалина Ботагөз Қазбекқызының мерейтойына арналған «Ғылымдар тоғысындағы филология: шақырулар мен трендтер» атты Дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелде филология ғылымының, сонымен қатар пәнаралық гуманитарлы мәселелерді талқылау жоспарланады:
-
Әлемнің тілдік суреті лингвистикалық зерттеулердің объектісі ретінде
-
Тіл теориясы мен мәдениетаралық коммуникация
-
Аударма теория мен практикасының замануи бағыттары
-
Көркем мәтіннің поэтикасы мен мәселелері: сурет, мотив, идея
-
Филология мен тілдерді оқыту әдістемесінің кіріктірілуі
-
Филология призмасы арқылы әлеуметтік гуманитарлы ғылымдар көрінісі
Дөңгелек үстел модераторы оқу-әдістемелік жұмысы бойынша проректор, п.ғ.д., профессор Төлебике Әлімжанқызы Кульгильдинова іс-шараның басында мерейтой иесіне АҚ «Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ» Басқарма төрайымы – Ректор ҰҒА академигі С.С.Құнанбаеваның құттықтау хаты мен Құрмет грамотасын табыстады.
Дөңгелек үстелдің пленарлық отырысында баяндамалар тыңдалды:
-
Филология құндылыққа бағытталған педагогика ретінде: шетелдік аудиторияға орыс әдебиетін оқыту тәжірибесінен (Табачникова-Смит О. М., Ұлыбритания);
- Ресей-Қытай дипломатиялық құжаттардағы эквивалентсіз және фондық түсініктер (Степанов Е. Н., ҚХР);
- Орыс тілді диминутив сөзжасамдағы фузия мен агглютинация (Им С. Б., Өзбекстан);
- Usus est optimus magister: өзгермелі парадигма аясындағы қазақстандық лингвистика (Шаймерденова Н. Ж., ф.ғ.д., профессор, ль-Фараби атындағы ҚазҰҮ, Алматы, Қазақстан);
- ХХ ғ соңында - XXI ғ басында орыс тілінің лексикалық құрамының байытылуы (Бабашева З. М., Әзірбайжан).
Жасалған баяндамалардың жоғары ғылыми-теориялық және әдістемелік деңгейі қазіргі филология ғылымы үшін зерттелген мәселелердің өзектілігін көрсетті.
Дөңгелек үстелге қатысу мақсатында отандық және шетелдік ЖОО ғалымдары өз мақалаларын ұсынды.