Университеттік Франкофония агенттігі (AUF) мен Румыниядағы Халықаралық француз радиосының ұйымдастыруымен аударма ісі бойынша қашықтықтан білім беру бағдарламасы аясында студенттер арасында 4 айлық грантқа байқау жарияланды. 21 жоғары оқу орнынан 43 қатысушының ішінде осы бағдарламаның стипендиаттарының бірі ретінде аударма және филология факультетінің роман бөлімінің ( француз тілі) 2 курс студенті Авжанова Айназ таңдалынды.
Қашықтықтан оқу тәжірибесінің 4 айында аударма бойынша шеберлік сабақтары өткізіліп, түрлі тапсырмалар орындалады. Үміткерлерге айына 60 еуро көлемінде шәкіртақы тағайындалып, курс соңында оқуды аяқтағаны туралы сертификат беріледі.