2023 жылы 15-наурызда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Қазақ филологиясы кафедрасы, Мемлекеттік тілді дамыту орталығы және М.Базарбаев атындағы №138 гимназиясы бірлесіп ұйымдастырған Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «М.Әуезов мұрасы және қазіргі заманауи жастар әлемі» атты спикерлер алаңы өтті.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің «Екі шет тілі мұғалімдерін даярлау» мамандығының білімгерлері М.Әуезовтің мұражайынан бейнежазба ұсынса, М.Базарбаев атындағы №138 гимназияның білім алушылары берілген тақырып аясында презентация көрсетті. Филология ғылымдарының докторы, профессор Есеналиева Жанар Жорабекқызы «М.Әуезовтің шығармалары – ұлттық құндылықтардың негізі» тақырыбында «Жасырынған сөз» ойынын ұйымдастырып, онда білімгерлер мен білім алушылар жазушы шығармаларындағы ұлттық құндылықтардың маңызын аша білді. Шара барысында білімгерлер мен білім алушылар үлкен қызығушылық танытып, тақырып төңірегінде білімдерін көрсетті.