16 наурызда Әл –Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Шығыстану факультеті Түріксой кафедрасының ұйымдастыруымен түрік тілінде мәнерлеп өлең оқудан жарыс болды. Бұл жарысқа Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының 34 студенті қатысты.
Біздің университетіміздің атынан, мәнерлеп өлең оқу жарысына Шығыстану факультетінің шығыс филологиясы кафедрасының «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы студенттері Баттал Ләззат (1 курс), Эргашова Мавлюда ( 2 курс ) қатысып сайысқа түсті. Студенттерімізді оқытушымыз Ялчын Юрдакул Мырза дайындады. Жарыс нәтижесі бойынша Сезай Каракочын «Моно Роза» өлеңін жатқа мәнерлеп оқыған 2 курс студенті Эргашова Мавлюданы жүлделі 2 орын алуымен құттықтаймыз.
Әрі қарайда осындай белестерге жете беруіне тілектеспіз!