2023 жылдың 15 наурызында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ шеттілдер педагогика факультетінің 2 курс 210 топ студенттері мен 2 курстар тәрбие ісіне жауапты Саматқызы Мадинаның ұйымдастыруымен көк акт залында көптеген жарыстарда жоғары көрсеткіш көрсете білген біздің үздік студенттерімізбен кездесу өтті.
Кездесу қонақтары “Ымырттағы сәуле” өлең жинағының авторы, ақын қыз Оразбек Ақкенже Оразбекқызы, “Шешендік өнер” байқауының бірінші орын иегері, Оңтүстік Корея еліне мәдени оқуға жолдама ұтып алған Байтақ Акежан Асқарұлы, “Жігіт сұлтаны” байқауында 200-ден аса қатысушылар арасынан үздік шығып, бірінші орын иегері атанған Ерғалиев Бексұлтан, Малайзия мемлекетіне академиялық ұтқырлықтың жүлдегерлері болған Кумекбаева Жансая және Айтбай Аида Серікқызы шақырылды.
Іс-шарада қонақтармен әртүрлі интеллектуалды ойындар ойнатылып, өлең-жырлар оқылып, шетелде оқып келген студеттер әсерлі әңгімелерімен бөлісті. Студенттер оқу жолында жетістіктерге жету жолын айтып, тәжірибелерімен бөліcе отырып, студенттік өмірге осы жылы қадам жасаған жас ұрпаққа кеңестер берілді. Кездесу кеші университетіміздің болашақ жарқын жұлдыздары 1-курс студенті Рахымғали Аймира мен 2-курс студенті Ахмет Алмастың авторлық әнін тамашалаумен ақталды.