Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасының оқытушылары Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінін (ҚазХҚжӘТУ) орыс бөлімінің бірінші курс студенттерін Орыс тілі пәні бойынша екінші Халықаралық Г. Р. Державин атындағы олимпиадасына дайындады. Олимпиаданың ұйымдастырушылары Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрлігінің федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орны «Г. Р. Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университеті» және Самарқанд экономика және сервис институты (Өзбекстан Республикасы) болды.
Олимпиаданың мақсаты – шетелде орыс тілін қолдау және дамыту, сондай-ақ шетелдік студенттердің орыс тілін үйренуге қызығушылығын арттыру үшін қосымша жағдайлар жасау.
Олимпиаданы өткізу келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
- шетелдік студенттердің орыс тілін үйренуге деген қызығушылығын сақтап қалу және одан әрі дамыту;
- шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттер арасында орыс тілінің беделін көтеру;
- шетел жастарының орыс тіліне оң көзқарасын қалыптастыру.
- Екінші орынды Аударма және шетел филологиясы мамандығының бірінші курс студенті Каиржанова Динара иеленді. Жетекшісі: филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ибадильдина Зәмзагүл Қасенқызы.
- Аударма және шетел филологиясы мамандығының бірінші курс студенті Туғанбаева Нұрила «Логика және дәіукті сөйлеу» номинациясы бойынша жеңімпазы атанды. Жетекшісі: п. ғ. м., аға оқытушы Абдикеримова Гүлнәр Сүйіндікқызы.
- Халықаралық Г.Р. Державин атындағы Олимпиадаға қатысқан барлық студенттерге сертификаттар табысталды. Студенттерге жетекшілік еткен Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедраның профессорлары мен оқытушылары: Баяндина С. Ж., Қабдолова Қ. Л., Юнусова М. С., Ибадильдина З. Х., Абдикеримова Г. С.