2023 жылдың 27 сәуірінде Абылай хан аытындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де Алматы қаласы Дін істері басқармасының өкілдері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аға оқытушысы, дінтанушы Берикбаев Елнар Галымжанович және Алматы қаласы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Әліп Тұрсынғали Төреғалиұлының Университет студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесуі өтті.
Лекторлар Қазақстандағы діни ахуал, деструктивті діни ағымдарға иммунитетті қалыптастырудың маңыздылығы туралы айтты. Сондай-ақ, діни құқық бұзушылықтардың конституциялық, әкімшілік және қылмыстық салдары туралы ақпаратпен бөлісті. Кездесу барысында студенттер қызықтырған сұрақтарын қойып, толықтай жауаптар алды. Спикерлерге жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға қосқан өте маңызды үлесі үшін алғыс айтамыз және келесі кездесулерімізде асыға күтеміз!