Наурыз айының 13 - жұлдызында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Қазақ филологиясы кафедрасы, мемлекеттік тілді дамыту орталығы және Халықаралық коммуникация және менеджмент факультетінің ұйымдастыруымен "Наурызым - құтты жылым" атты іс-шара өтті.
Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қоңырова Ақбота Тұрағұлқызының сөзінен бастау алған шара барысында "Наурыз" мейрамы мен көрісу күні қатар аталып өтті. Студенттер мен оқытушылар көрісу күніне деген ақ тілектерін айтып, төс қағысып бірін бірі құттықтады. Атаулы мерекелік кездесуде ән мен күй шырқалып, шашу шашылды. Шара үлкендер және студенттеріміздің ізгі бата,тілектерімен ұласты.