2023 жылдың 30 мамырында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында «Жаңа Қазақстан: жастар саясатындағы өзекті мәселелер» республикалық форумы өтті.
Бұл форум "BILIM ORKENIETI" Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен қорытынды іс-шара ретінде өткізілді. Форумға Шет тілдер педагогикалық факультетінің 1 курс студенті Іңкәш Назерке және Аударма және филология факультетінің 2 курс студенті Рахымжан Зере қатысып, алдын ала конкурстық іріктеуден өтіп, «Қазақстан Республикасының үздік студенті» атағын алды!
Студенттерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз және жаңа табыстар мен жеңістер тілейміз!