Университетіміздің қабырғасында 22 қыркүйек күні Қазақстандағы EBSCO аймақтық өкілі Александр Рытовпен кездесу өтті. Семинардың тақырыбы: Ғылыми-білім беру процесіне пайдалануға арналған EBSCO электрондық ресурстары болды. Кездесуге университет оқытушылары, магистранттар, докторанттар және бакалавр студенттері да қатысты. Семинар екі бөлімнен тұрды: біріншісі – EBSCO электрондық ресурстарын шолуға арналды.
Сонымен қатар, төмендегі сұрақтар талқыланды:
1 Ғылыми ақпаратты іздеу және онымен жұмыс істеу әдістері.
2 Ресурстармен жұмыс істеу кезінде қандай шектеулер мен кеңейткіштерді қолдануға болатындығы.
3 Табылған материалды қалай жүктеуге, жіберуге, дәйексөз келтіруге, экспорттауға болады.
4 Платформада жеке шот не үшін қажет.
5 Электрондық кітаптармен жұмыс істеу ерекшеліктері.
Семинар соңында спикер қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп,әрбір қатысушыға сертификат берді.