Қазіргі уақытта Қытайдың "Бір белдеу – бір жол" бастамасының он жылдығына арналған түрлі іс-шаралар өткізіліп жатқаны белгілі. Осындай іс-шаралардың біріне ҚХР Чжэцзян университетінің шақыруымен Шығыстану кафедрасының профессоры Байсултанова К.Ч. және аға оқытушы, PhD докторант Даулетова Г.О. қатысты.
"2023 BRI Forum: Қытайдағы, Орталық Азиядағы және Ресейдегі өнеркәсіптік кластерлердің ынтымақтастығы" форумы 2023 жылғы 20-23 қазан аралағында Ханжоу және Ниньбо қалаларында өтті. Форумда "Бір белдеу - бір жол" халықаралық жобасы аясында ҚХР-ның Орталық Азия және Ресей елдерімен ынтымақтастығының аспектілері талқыланды. Профессор К.Ч. Байсұлтанованың баяндамасы 2014-2023 жылдардағы индустрияландыру саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын талдауға арналды, Даулетова Г.О. КБББ шеңберінде білім беру және мәдениет саласындағы халықаралық жобалар туралы баяндама жасады.
Форумның жұмысы нәтижелі болды, форумға қатысушылар болашақта университеттер арасындағы бірлескен жұмыстарды анықтады.