Шығыс филологиясы кафедрасы араб бөлімінің «Бәсекеге қабілетті маман болу – заман талабы» атты 3-дөңгелек үстел аясында белгілі дипломат, шығыстанушы Балтабай Төребайұлы Омаровтың «Араб әлемі елдерінің қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны мен маңызы» атты лекциясы 03.11. 2023 жылы офлайн/онлайн режимде өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына араб тілі бөлімінің түлектері-дипломаттар Қазақстан Республикасының Дубай және Солтүстік Әмірліктердегі Бас консулы Жумабек Р. және Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің аудармашысы Нурмуханов Б, референт-аудармашыс Берік Қ. онлайн режимде қосылып, бәсекеге сай маман болудағы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Дөңгелек үстелге Жылтырова Ж. Т. - Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, Шығыстану факультетінің деканы, профессор Э.М. Кагазбаева, Шет тілдер педагогикалық факультетінің деканы, Аударма ісі докторантура бағдарламасының жетекшісі, профессор Ислам Айбарша, Шығыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.Ж. Бүркітбай, Шығыстану факультетінің оқытушылары, араб бөлімінің түлектері, «Шетел филологиясы», «Шығыстану», «Аударма ісі», «Халықаралық қатынастар» оқу бағдарламасы бойынша 1-4 курс студенттері қатысты.
Студенттер Шығыс елдеріндегі заманауи геосаяси жағдайлар бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты. Кәсіби дипломат, шығыстанушы-арабистер бәсекеге сай маман болудағы өз тәжірибелері мен ақыл-кеңестерімен бөлісті.