2023 жылдың қараша айының басынан 28 қарашаға дейін Киото Сангё университетімен апта сайын 8 онлайн алмасу сабағы өткізілді. Бұл сабақтарға Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нен «Шетел филологиясы» (жапон тілі) білім беру бағдарламасы бойынша шығыс филологиясы кафедрасының 2-ші, 4-ші курс студенттерімен «Шығыстану» (жапон тілі) білім беру бағдарламасы бойынша студенттері қатысты.
Киото университетінен «Шетел филологиясы» (орыс тілі) білім беру бағдарламасы бойынша 1-4 курс студенттері қатысты. Сабақ барысында студенттер Қазақстанның әйгілі орындары, көрікті жерлері, дәстүрлі мерекелері, туризмі мен мәдениеті туралы презентациялар әзірледі. Жапон студенттері әйгілі ғибадатханалар, туристер жиі баратын орындар, Жапонияда танымал әртүрлі баспалар туралы айтты. Әр презентациядан кейін, соңында студенттер пікірталас жүргізіп, презентацияға қатысты сұрақтармен алмасты. Онлайн сабақтар білім алмасу арқылы, теориялық білімдерін іс жүзінде пайдалана білген оқушыларға оң әсерін тигізді. Осыған байланысты, екінші семестрде 2024 жылдың ақпан айынан бастап қайталама сабақтар өткізу жоспарлануда.