Қазақстан Республикасы Білім және ағарту министрлігінің ақпараттық қолдауымен және «Bilim-orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен дарынды студенттер арасында байланыс орнату мақсатында 2023 жылдың 8 желтоқсанында Л.Гумилев атындағы ЕҰУ базасында «XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» республикалық форумы өтті. Форум барысында үздік студенттер марапатталды.
Форумға алдын-ала конкурстық іріктеуден өтіп, «ТМД-ның үздік студенті» атағын алған Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенттері қатысты:
- Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультетінің 4-ші курс студенті – Жалғасова Нұрай
- Аударма және филология факультетінің 3-ші курс студенті – Рахымжан Зере
- Аударма және филология факультетінің 2-ші курс студенті – Гофман Регина
- Шет тілдері педагогикалық факультетінің 1-ші курс студенті – Амангелді Жанел
- Шет тілдері педагогикалық факультетінің 4-ші курс студенті – Хабибова Сабрина
Сонымен қатар, 2023 жылдың 15 желтоқсанында Астана қаласындағы М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында «Жастар және ғылым: Тәуелсіздіктің жаңа бағыттары» VIII халықаралық конференциясы өтті. Конференцияны «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» бірлестігі түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі мен Халықаралық жас ғалымдар қауымдастығы ұйымдастырды.
Конференцияға Шет тілдері педагогикалық факультетінің 4 курс студенті Талғатов Ерасыл қатысып, жұмыстары талапқа сай деп танылып, ІІ дәрежелі диплом және ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі үшін ТМД «Үздік жас ғалым – 2023» медалімен марапатталды.
Студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Биік белестерің, бағындырар белестерің көп болсын!