2023 жылы 21 желтоқстанда ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Шығыстану факультетінің 6В02202-Түркітану білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері т.ғ.к., доцент Есеркепова Ж.О. ұйымдастыруымен М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының «Еңлік-Кебек» қойылымына барды.
Мақсаты – студенттерді іздену, зерттеу жұмыстарына үйрету және талдау жасау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту. Сонымен қатар студенттерді адам бойындағы жақсы қасиеттерге баулу, ынтымақтастыққа, сыйластыққа және ізгілікке тәрбиелеу. Себебі театр - дәстүр, жаңашылдық және адамзат баласына жарқын эмоцияларды сезіндіретін, ізгілікке тәрбиелейтін ғажайып өнер әлемі. Студенттеріміз М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясын тамашалау арқылы сол кезеңдегі Еңлік пен Кебек өмір сүрген әлеуметтік ортаны, әсіресе актерлер сомдаған Еспенбет пен Кеңгірбай секілді билер айтысының мәнін сезіне білді. Спектакльден соң студенттер оқиғаның барысын, шиеленісуін, апофеозды талдау арқылы өз әсерлерімен қызу бөлісті. Осылайша, театрға саяхат жасау арқылы студенттер халқымыздың салт-дәстүрімен танысып, рухани азық алып қайтты.