Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасының оқытушылары Ұлы Отан соғысын еске алуға арналған іс-шаралар өткізді.
Ұлы Отан соғысын еске алу ата-бабалардың өнеге және білімін , тарихи дерек көздерін және даналығын еске алып, сақтауға, одан бөлек, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге көмектеседі.
Соғыстың “қанды”естелігі елдердің бейбіт өмір сүруі баға жетпес құндылық, ал адам өмірінің орасан зор байлық екенін еске салады. Сондықтан да, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің қандай бағамен жеткенін, ең бастысы, ата-бабаларымыз не үшін шайқасқанын әрқашан естен шығармауымыз керек. Ата-бабаларымыз жанын беруге дайын болды, себебі,отбасы, Отан, болашақ ұрпақтың жарқын өмірі үшін қан мен тер төгіп, өлім мен өмір арасында алпарысты.
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған іс-шаралар аясында орыс тілі пәнінің оқытушысы доцент З.Х.Ибадильдина және Аударма және Филология факультетінің 1 курс студенттері 28 гвардиялық панфиловшылар саябағына экскурсия ұйымдастырды. Офицерлер үйінде орналасқан «Әскери даңқ» залында студенттерге әскери даңқы бар жерлерге экскурсия ұйымдастырылып, экскурсия барысында гид батырларымыздың өмірінде кездескен тың тарихи деректермен бөлісті.
Доцент Сапарбаева А.М. Шет тілдері факультетінің 113 тобында тәрбиелік іс-шара өткізді. Оқушылар «Біз әскериміз» атты қойылым ұйымдастырды. Интеллектуалды ойын ойнады. Олар соғыс жылдарының өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.
2024 жылғы 26 сәуірде Шет тілдері факультетінің 103 және 116 топтарында кафедра оқытушысы Тойшибаева Г.К. Жеңіс күніне ұйымдастырған іс-шарасы өтті. Студенттер белсенділік танытып, презентация дайындады, онда Ұлы Отан соғысының батырлары жайлы ақпараттар болды, ең қызығы ,оның ішінде Сейітқали Аяжан атты білімгер өзінің ардагер арғы атасы туралы қызықты деректермен бөлісуі болды.
Сондай-ақ профессор Кунакова Қ.У., доцент Сыздықбаев Н.А. студенттер арасында әңгіме жүргізді. Профессор Мурзалина Б.К. Халықаралық қатынастар факультетінің 102 тобында «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды» атты дөңгелек үстел өткізді.
Мақсат:
- Отан сүйгіштік сезімдерге тәрбиелеу: аға ұрпақты құрметтеу, өз халқына, Отанына деген мақтаныш сезімін, елдің өткенін зерттеу, батырлардың ерлігімен танысу.
- Ұлы Отан соғысын еске алу патриоттық сезім мен өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
- Іс-шара біздің бостандығымыз бен әл-ауқатымыз қымбат екенін түсінуге көмектеседі және оларды бағалауға, сонымен қатар халқымыздың жетістіктері мен тарихи мұрасына қызғыштай қорғауға баулиды.