2024 жылдың 29-30 сәуірінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Шығыстану (қытай тілі, араб тілі)» білім беру бағдарламасы бойынша жоғарғы оқу орындарының студенттері арасындағы Республикалық пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиадаға Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕНУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Шығыстану факультетінің студенттері Баизова Лейла 2 орын (қытай тілі) иеленсе, Абдреимова Алина 3 орын (араб тілі) иеленді. Жеңімпаздар мен жетекшілерді құттықтаймыз!