«Білім беруді кәсіби цифрландыру» кафедрасы 15 мамыр 2024 жылы "Қазақстан халықтарының бірлігі күні" тақырыбында «менеджмент және халықаралық коммуникация» факультетінің студенттерімен тәрбие сағатын өткізді. Аталған іс-шарада Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт — дәстүрлерін, мәдениетін, өнерлерін көрсетті. Тәрбие сағатта студенттер Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғынды. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбие алды.