2024 ж. ақпан айында Корейтану академиясы (한국학중앙연구원) шетелдік студенттерді корей мәдениеті бойынша дәрістік курсқа қатысуға конкурс жариялаған болатын. Курстың мақсаты – шетелдік студенттерге Корея Республикасында корей тілі мен мәдениетін оқып, тәжірибе алу мүмкіндігін беру арқылы корейтану саласындағы болашақ мамандарды дайындау.
Осы конкурсқа Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің «Шығыстану» білім беру бағдарламасының 2-4 курс студенттері қатысқан болатын. Нәтижесінде, Қаблан Айша және Отегенова Мадина жаз айларында корей тілі мен мәдениетін оқып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болып, конкурс бойынша Корея Республикасына жолдама жеңіп алды.


Университетіміз бен факультетіміздің мәртебесін асқақтатқан студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
.png)






















