02.09.2024 жылы Қытайда 130 елден 147 қатысушы қатысқан 23-ші кезекті халықаралық «Әлем қытай тілі көпірі» байқауы аяқталды. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, шығыстану факультетінің «Шетел филология (қытай тілі)» білім беру бағдарламасы бойынша түлегі Кулмагамбетова Аружан Азия елдерінің қатысушылары арасында жеңіске жетіп, 1 орынға ие болды.


Ал екінші кезеңде бес континент жеңімпаздарының сайысы бойынша 4-орынға ие болды. Ең әдемі образ үшін 5 мың көрерменнің дауысы бойынша 147 қатысушының арасынан 5-орынға ие болды. Осы халықаралық жарыс тарихында және Қазақстанның тарихында еліміздің өкілі жоғары көрсеткішті алғаш рет көрсетіп отыр. Жеңімпазды дайындауға Шығыс филологиясы кафедрасының ғылыми жетекшісі Меллат Дилнар және Конфуций институтының ұйымы ерекше үлес қосты. Бұл еліміздің ғана емес, университетіміздің де жеңісі. Жеңіс құтты болсын, алдағы уақытта табыс тілейміз!
.png)






















