2021 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен, 2025 жылға дейін жүзеге асырылуы тиіс, «Білімді ұлт. Сапалы білім беру» Ұлттық жобасы бекітілді. Жобаның жоғары білім беру саласын дамытуға тікелей қатысты «Қазақстандық университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» атты 5 тармағы жоғары оқу орындарының халықаралық мәртебеге ие болуға, жоғары оқу орындарының әлемнің көптеген елдерінің жоғары оқу орындарымен тең сапалы білім берумен қамтамасыз етуге ұмтылысын көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды тармақшаларды (төменде көрсетілген) қамтиды:
Шетелдік серіктестермен халықаралық білім беру бағдарламаларын және академиялық алмасуларды жүзеге асыратын университеттердің үлесі;
Педагогикалық қызметке тартылған шетелдік сарапшылардың саны;
Жетекші шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының саны.
Бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу орындарының саны 117, оның ішінде ұлттық жоғары оқу орындары – 11, мемлекеттік жоғары оқу орындары – 27 (коммерциялық емес акционерлік қоғамдар), халықаралық жоғары оқу орындары – 2, акционерлік жоғары оқу орындары – 15, жекеменшік ЖОО – 47, дербес ЖОО – 1 (Назарбаев Университеті), азаматтық емес ЖОО – 14. Жоғары оқу орындарын лицензиялаудың маңызды пункттерінің бірі халықаралық білім беру бағдарламаларын іске асыру және шетелдік серіктес университеттермен академиялық алмасу болып табылады.
Ұлттық жоспарды жүзеге асыруда Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ өзінің халықаралық қызметінде келесі бағыттарды айқындайды:
• Білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарттау және аккредиттеу;
• Халықаралық ғылыми ынтымақтастық, ғылыми-педагогикалық кадрларды бірлесіп дайындау;
• Халықаралық қауымдастық байланыстарды дамыту және кеңейту, әлемдік қауымдастықтардағы университеттің қызметі мен беделін белсендіру;
• Қос диплом және халықаралық деңгейде танылған білім беру бағдарламаларын дамыту;
• Академиялық ұтқырлықты, халықаралық жобаларды, алмасу бағдарламаларын одан әрі дамыту.
Жоғарыда аталған бағыттарды жүзеге асыру шеңберінде ҚазХҚжәнеӘТУ бакалавриат, магистратура және докторантураның барлық білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өтіп, білім беру сапасының халықаралық стандарттарына сәйкестігін растады. Сондай-ақ, талапкерлер мен олардың ата-аналары бізге сенім артады, ал жұмыс берушілер ҚазХҚжәнеӘТУ-нің түлектері алған дипломы мен білімінің жарамдылығын мойындайды.
Университет 14 халықаралық ұйымның белсенді мүшесі болып табылады, соның ішінде Халықаралық университеттер қауымдастығы (ЮНЕСКО), Eurasia-Pacific United, 3 Халықаралық туристік қауымдастықтар (ATLAS, AMFORTH, EURHODIP), Халықаралық франкофондық университеттер ассоциациясы (AUF), Жоғары мектеп ғылымдары халықаралық академиясы, Халықаралық қатынастар мектептері (МГИМО) ОӘБ ассоциациясы, ММЛУ ассоциациясы, Еуропалық тілдік кеңесінің (ELC) ассоциациясы, ШЫҰ-ына мүше елдердің гуманитарлық университеттері консорциумының, ЕврАзЭС-ке мүше елдердің лингвистикалық университеттері консорциумыны, Бельгия EUPRERA (The European Public Relations Education and Research Association) ассоциациясы, The European Association for International Education (EAITE) ассоциациясы.
«Times Higher Education World University Rankings» және «Шанхай рейтингі» ретінде белгілі «Academic Ranking of World Universities» - пен қатар, әлемдегі ең беделді үш университет рейтингінің бірі «Quacquarelli Symonds World University Rankings» халықаралық рейтинг агенттігінің қатысушысы бола тұра, «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» жыл сайын жоғары орындарды көрсетіп келеді:
QS World University Rankings 2025: «1201-1400»
QS World University Rankings: Asia 2025: «=305»
QS World University Rankings, Asia 2025: Central Asia: «=18»
QS World University Rankings by Subject | 2024: Linguistics: «251-300»
QS World University Rankings by Subject | 2024: Modern Languages: «301-340».
Қарқынды дамып келе жатқан, инновациялық - бағдарланған Университет Қазақстан Республикасының Білім беру кеңістігінде ерекше орын алады.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ алғашқы ондыққа кіріп, қазақстандық жоғары білім берудегі көшбасшылық позициясын сақтап қалды, себебі Университет 10 тілде кәсіби мамандарды дайындайтын танымал көпсалалы ғылыми және оқу орны болып табылады.
Бұл тілдерді білу және білім беру бағдарламаларының вариативтилігі профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерге алмасу бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді.
Шетелде кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру шеңберінде профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар үшін үлкен перспективалар мен мүмкіндіктер Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясымен ұсынылады. Жыл сайын біздің университеттен 5-тен астам оқытушы АҚШ-тың ірі университеттерінде және Еуропа елдерінде халықаралық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алады.
Біздің университет те белсенді қатысатын Erasmus + халықаралық бағдарламасы ПОҚ мен студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді, ал шетелдік сарапшыларды оқытушылық қызметке тарту бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруда ҚазХҚжәнеӘТУ-нің үлкен ғылыми-зерттеу көкжиегін ашады.
Қазақстан Республикасының Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек 1 ақпанда «Цифрлы Алматы» форумында сөйлеген сөзінде: «2025 жылы Қазақстанда 11 шетелдік жоғары оқу орындарының филиалы ашылады. Алдағы үш жылда республиканың жоғары оқу орындарында 100 мың шетелдік студент оқитын болады, деп уәде берді ғылым және жоғары білім министрі. 2024 жылы Қазақстанда 23 филиал ашылды, биыл тағы 11 филиал ашылады»,-деп атап өтті.
«Биылғы жылы өте мықты университеттер келеді: әлемдік рейтингтегі үздік 200 оқу орнының қатарына кіретін Кардифф университеті-Ұлыбританиядағы ең мықты зерттеу университеттерінің бірі. Сондай-ақ, University of Exeter, University of Glasgow, KAIST (Корея Ғылым және технологиялар институты) филиалдарының ашылуы күтілуде. Бұл университеттердің барлығы әлемнің жоғары рейтингті жоғары оқу орындарының қатарына кіреді», — деп агенттік Нұрбектің сөзін келтіреді.
Министр өткен жылы Қазақстанға 31,5 мың шетелдік студент оқуға келгенін қосымша атап өтті.
«Алғаш рет Азиядан келген студенттер саны ТМД елдерінен келген студенттер санынан асып түсті. Бүгінгі таңда бізге алыс шетелден 93-ке жуық елдің студенттері оқуға келді. Қазақстанның өңірдің академиялық хабы ретіндегі стратегиямыз, ставкамыз және ұстанымымыз ақтала бастады, - деді Саясат Нұрбек. - Біздің KPI 2028-2029 оқу жылына - 100 мың шетелдік студенттерге қызмет көрсету. Егер олар Қазақстанда орта есеппен 10 мың доллар қалдыратын болса, онда бұл 100 миллион доллар. Халықаралық статистикаға сәйкес, бір шетелдік студент 1,3 жұмыс орнын алады, ал мыңдаған шетелдік студенттер 1300 жұмыс орнын ашады».
Жоғарыда айтылғандардың барлығын қорытындылай келе, «Білімді ұлт. Сапалы білім беру» Ұлттық жобасында айтылған бағыттардың барлығы сәтті іске асырылды, себебі оларды жүзеге асыру мақсатында жұмылдырылған жұмыс атқарылып жатыр және Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де қалыс емес!
ӘМжәнеТЖ жөніндегі проректор, ф.ғ.к.
Т.В. Серёжкина