2025 жылдың 1 наурызында Алматы академиясында «Полициядағы бір күн» атты іс-шара өтті, оған біздің университеттің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 15 үздік студенті қатысты. Іс-шараны алып жүруші ретінде Халықаралық құқық кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты Н.С. Джетибаев қатысты. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Германияның GIZ қауымдастығы және ҚР Ішкі істер министрлігі М.Есболатов атындағы Алматы академиясы бірлесіп жүзеге асырып отыр, және ол жастар арасында полицияға деген сенімді қалыптастыру мен құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған.
Бұл күні студенттер полиция қызметкерінің рөлін сезініп, кәсіби тренингтерден өтіп, криминалистикалық полигонмен танысып, киберполигонда қылмысқа қарсы күресте заманауи технологиялардың қалай қолданылатынын білді. Студенттер «Қорғаныс әдістері, алғашқы медициналық көмек» атты криминалистикалық тактиканы да қарап шықты.
Іс-шараға қатысу үшін Академияға Ішкі істер министрінің орынбасары келген болатын, ол полиция мен жастар арасындағы өзара түсіністік пен сенімнің маңыздылығын атап өтті:«Жастар – біздің болашағымыз, және оның қандай болатыны сіздерге байланысты. Полиция мен жастар бірге болғанда, өзара түсіністік пен сенім болғанда, қоғамымыз мықты болады. Бәлкім, біреулеріңіз болашақта біздің қатарымызды толықтырасыздар, ал кейбіреулеріңіз белсенді азамат болып, әлемді жақсартуға көмектесесіздер. Ең бастысы – қауіпсіздік – біздің ортақ жауапкершілігіміз! Осы күн Сіздерге дүниеге жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді деген үміттемін», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков.
Сонымен қатар, іс-шараға GIZ аймақтық бағдарламасының басшысы Штефан Бухмаер және ҚР Ішкі істер министрлігі М.Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы Қалижан Кобландин қатысты. Олар мұндай жобалардың ашық әрі кәсіби полицияны дамыту үшін, сондай-ақ азаматтармен және жастармен өзара әрекеттесуді дамыту үшін маңызды екенін атап өтті.
Іс-шараның барлық қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды.
ҚР Ішкі істер министрлігі М.Есболатов атындағы Алматы академиясына полицияның күнделікті жұмысын ішінен көруге мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз.