2025 жылдың 26 ақпан күні Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері университетінің «Менеджмент және Маркетинг» кафедрасы, ғылыми-зерттеу жобасы 0124РКД0159: «Маркетингтің цифрлық трансформациясы» аясында Воронеж мемлекеттік инженерлік технологиялар университетінің (Ресей) Өндірісті басқару, өндіріс ұйымдастыру және салалық экономика кафедрасымен бірлесіп, «Қазіргі жағдайдағы маркетингтің цифрлық трансформациясы: мәселелер мен болашағы» халықаралық форсайт-сессиясының жұмысы ұйымдастырылды.
Форсайт-сессияның мақсаты – қазіргі жағдайдағы маркетингтің цифрлық трансформациясы бойынша озық тәжірибе, технологиялар, мәселелер мен болашақтарын талқылау. Маркетинг саласындағы жетекші мамандар, жас ғалымдар, практиктер, сарапшылар маркетингтің цифрландыру мәселелері мен болашағы туралы өзекті мәселелерді талқылады.
Төраға – Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері университетінің «Менеджмент және Маркетинг» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., доцент Бейсенова Гульнара Шоганбековна.
Құттықтаушы төраға – Воронеж мемлекеттік инженерлік технологиялар университетінің «Өндірісті басқару, өндіріс ұйымдастыру және салалық экономика» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Богомолова Ирина Петровна.
Модератор – жоба жетекшісі, Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері университетінің «Менеджмент және Маркетинг» кафедрасының э.ғ.к., доценті Кишибекова Галия Кабидолдаевна.