2025 жылдың 9-11 сәуір аралығында Қазақстан ғылым қызметкерлерінің күніне арналған «ТІЛ – ЕСТЕЛІКТЕР ЖӘНЕ ЖЫЛДАР САҚТАУШЫСЫ» орыс тілі фестивалі аясында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің теориялық және қолданбалы тілтаным кафедрасы профессор-оқытушылар құрамы атақты танымал орыс лирик ақыны, аудармашы және мемуарист Афанасий Афанасьевич Феттің 205 жылдығына арналған челлендж өткізді.
Челленджге Шет тілдері педагогикалық факультеті, Аударма және филология факультеті, Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультет, Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультеті және Шығыстану факультеттерінің қазақ бөлімінің 1 курс студенттері қатысты. Челлендж барысында оқушылар ақынның түрлі тақырыптағы өлеңдерін оқып, бір-бірін жалғастырып отырды. Шығармашылық шараға жеке және топ болып барлығы 26 студент қатысты.
Студенттердің өнерін төмендегілерден тұратын құзыретті қазылар алқасы бағалады:
қазылар алқасының төрайымы – Сережкина Т.В. – ҚазХҚжӘТУ проректоры.
Қазылар алқасының мүшелері:
Баяндина С.Ж., филология ғылымдарының докторы, профессор;
Қабдулова Қ.Л., п.ғ.д., профессор;
Кунакова Қ.У., п.ғ.д., профессор;
Сыздықбаев Н.А., ф.ғ.к., доцент.
А.А.Феттің 205 жылдығына арналған «Сәлеммен келдім мен саған» өлеңдерін оқу бойынша челлендждің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Бірінші орын: Жамалова Анель – Шығыстану факультетінің 115 топ студенті, жетекшісі Тойшыбаева Г.К.
Екінші орын: Лемис Айару – Аударма және филология факультетінің 112 топ студенті, жетектіші Сапарбаева А.М.,М ұхатаева Алтынгүл – Шет тілдері педагогикалық факультетінің 102 топ студенті, жетекшісі Баяндина С.Ж.
Үшінші орын: Шет тілдері педагогикалық факультетінің 101 тобының студенттері, жетекшісі Кабдулова К.Л., Абдолла Ай-Кун – Шығыстану факультетінің 116 топ студенті, жетекшісі Абжанова Т.А., Төрехан Дина – Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультетінің 103 топ студенті, жетекшісі Құнақова Қ.У.
Номинация бойнша дипломдарымен марапатталды:
Бекжанова Адема – Шығыстану факультетінің 112 топ студенті, жетекшісі Ақбембетова А.Е., Жұма Шыңғыс – Шығыстану факультетінің 103 топ студенті, жетекшісі Сыздықбаев Н.А.