2025 жылғы 15 сәуірде келесі білім беру бағдарламалары бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру жөніндегі салтанатты диплом тапсыру рәсімі өтті:
6D020700 – Аударма ісі
PhD дәрежесі Құрманбекова Валентина Алексеевнаға берілді.
6D021000 – Шетел филологиясы
PhD дәрежесі Әбдікерімова Гүлнара Сүйіндікқызына берілді.
Докторантураны сәтті аяқтап, философия докторы (PhD) дәрежесін иеленулеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз, ғылыми және кәсіби қызметтеріңізге мол табыс тілейміз.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Басқармасы