2025 жылдың 17 сәуірінде «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ-ның халықаралық құқық кафедрасы азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін арттыру және қоғамдық ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Парасатты ұрпақ үшін» қоғамдық қорының қолдауымен «Алматы-Адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру аясында «Сыбайлас жемқорлық қоғамдағы өзекті мәселе»тақырыбында қонақтық дәріс ұйымдастырды.
Қонақтық дәріс бағдарламасы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен салдарын, оның қоғам өмірінің әртүрлі салаларындағы көрініс беру формаларын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен күресудің тиімді стратегияларын талқылауға арналды. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру мен құқықтық мәдениетті арттыруға ерекше көңіл бөлінді.
Қонақтық дәріске қатысушылар Таубаева Эльмира Біләлқызы – Алмалы ауданындағы «Алматы-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, «TARBAGATAI» заң консультанттар палатасының мүшесі, практикалық заңгер, кәсіби медиатор; Бердібекова Гүлнар Әуелбекқызы – Алматы қаласы Заң консультанттары палатасының төрайымы; Джирембаева Гүлбара Акматовна – «Адам және құқық» Медиаторлар мен заңгерлер одағы» РҚБ президенті, Халықаралық полиция қауымдастығының Қазақстандық секциясының бас хатшысы, Ішкі істер министрлігінің полковнигі; Ризабекова Шолпан Бостанқызы – «Ел-бірлігі» республикалық одағының президенті, заң кеңесшілері палатасының мүшесі; Баянова Айжан Мирасбекқызы – «Адам және заң» медиаторлар мен заңгерлер одағы» РҚБ әкімшілік директоры, Ішкі істер министрлігінің полковнигі; Аменова Жібек Хангелдіқызы – «Отбасылық дәрігер» ҚБ төрағасының орынбасары, «Отбасы және қоғам қайраткерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі» қоғамдық ұйым төрағасының атқарушы директоры, «Адам және заң» медиаторлар және заңгерлер одағы.
Іс-шара соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен олардың жеке адамға, қоғамға және мемлекеттік институттарға деструктивті ықпалының нақты мысалдарына негізделген қысқаметражды фильм көрсетілді. Көрсетілім моральдық құндылықтар, азаматтық ұстаным және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға жеке үлес қосудың маңыздылығы туралы пікірталастың бастау нүктесі болды.
Тұтастай алғанда, қонақтық дәріс тамаша өтті, барлық қатысушылар пікірталастардан ләззат алды, ал қатысушылар жаңа және пайдалы білім алды.