2025 жылғы 27-31 мамыр аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің делегациясы Нанкин қаласында өткен «Цзянсу – Орталық Азия кәсіби білім және өндіріс интеграциясы» форумына қатысты.
Мақсаты – кәсіби білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, «Чжэн Хэ академиясы» жобасы аясында серіктестік орнату және Қытай тілі оқулықтарын Қазақстанда бірлесіп шығару.
Университет Басқарма Төрағасы-Ректор м.а. Дана Ануварбековна Кунабаева ханым баяндама жасап, Қытай тілі оқулықтарын бірлесіп шығару жөніндегі келісімге қол қойды. Сонымен қатар, форум аясында «Жұмыс орнындағы қытай тілі» оқулығының қазақ тіліне бейімделген нұсқасын құрастыруға қатысқан авторлар – Толқын Қалибекұлы, Құлпынай Дүйсенбай және Мәдина Сабирова өз жұмыстарын таныстырды.
01 Июнь2025