Ульянов И.Н. атындағы Ульяновск мемлекеттік педагогикалық университеті (РФ) «Менің интеллект-траекториям» VI халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастырушысы. Байқау студент жастарды ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне баулу және ғылымның әлеуметтік лифт ретіндегі рөлі туралы түсінік қалыптастыру арқылы олардың кәсіпаралық дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бұл байқауға 2024 жылдың 18 қарашасы мен 2025 жылдың 23 маусымы аралығында п.ғ.д., профессор Клара Өмірзаққызы Қонақованың ғылыми жетекшілігімен 7М01711 – Шетел тілі мұғалімін даярлау мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық бағыттың 1 курс магистранты Жанатбек Жанар Жанатбекқызы қатысты.
Үш турдың тапсырмаларын орындау қорытындысы бойынша Жанатбек Жанар «Ана тілі және шет тілдерін оқыту әдістемесі» бағытының «Жас ғалым» категориясы бойынша 3 орынға ие болды.
Байқауға қатысушы Жанатбек Жанарды және оның ғылыми жетекшісі К.Ө.Қонақованы құттықтай отырып, жаңа шығармашылық жеңістерге жетуге тілектеспіз!
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім басқармасы