Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Мультимедиялық журналистикадағы креативті тәсілдер» тақырыбында мастер-класс өтті.
Шақырылған спикер – медиа саласының кәсіби маманы, «Аргументы и Факты Казахстан» газетінің шолушысы, сондай-ақ ақын, музыкант және режиссер Олег Белов. Кездесу барысында ол өзінің тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге мультимедиялық журналистиканың жаңа құралдары мен әдістерін таныстырды.
Іс-шараны Ольга Игорьевна Власенко ұйымдастырды.
Спикер студенттердің белсенділігін атап өтіп, олардың шығармашылық ойлау мен медиасауаттылық дағдылары болашақ кәсіби дамуына септігін тигізетініне сенім білдірді.