5В04202 - Халықаралық құқық және 6В04201 - Құқықтану білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттері Тілебалғанов Диас, Мұхамбет Дастан және халықаралық құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ж.Б. Меерманованың жетекшілігімен 2025 жылғы 24-27 қарашада өткен "Нюрнберг процесі және қазіргі заманғы халықаралық құқық" III халықаралық байқауында Ablai Khan University-ін Беларусь Республикасында айықты түрде көрсетіп келді.

Біздің қатысушылар Халықаралық қылмыстық соттың имитацияланған отырысында кәсіби даярлықтың жоғары деңгейін, дамыған құқықтық мәдениетті, көпшілік алдында сөз сөйлеудің сенімді дағдыларын, дәлелді ұстанымды қалыптастыра және негіздей білуді, сондай-ақ қарсылас сот процесіне тиімді қатысуды көрсете отырып, өздерін тамаша көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша біздің студенттер қорғаушы тараптың үздік меморандумы аталымында 1--ші орынды және айыптаушы тараптың үздік тыңдауларында сенімді өнер көрсеткені үшін втвлымында дипломға ие болды.

Бұл нәтижелер олардың халықаралық қылмыстық құқықты терең түсінуінің, дәлел құра білуінің және дәлелдемелік базамен жұмыс істей білуінің сондай-ақ сот тыңдауларының қарсылас форматында тамаша өнер көрсете білуінің көрінісі болды.
Біз жоғары дайындық деңгейін көрсеткен және кәсіби өсуге және құқықтық құзыреттерді дамытуға ұмтылысын көрсеткен студенттеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз.
Диас пен Дастанды құттықтаймыз және оларға халықаралық академиялық аренада жеңістер тілейміз!
.png)






















