18 желтоқсанда «Журналистика» білім беру бағдарламасы аясында студенттік кәсіби бағдар беру жобасының басталуына байланысты 3-курс студенттері Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Бесағаш және Тұздыбастау елді мекендеріндегі №29 және №31 мектептердің түлектерімен алғашқы көшпелі кездесулер өткізді.

Кездесу барысында студенттер журналист мамандығының ерекшеліктері, университеттегі оқу үдерісі, академиялық ұтқырлықтың артықшылықтары туралы ақпарат беріп, нақты студенттік медиа жобаларды таныстырды. Жоғары сынып оқушылары оқуға түсу талаптары мен болашақтағы мансаптық мүмкіндіктерге қатысты сұрақтар қойды.

Қазақ, орыс және ұйғыр тілдерінде білім алатын 11-сыныптың 10 сыныбынан келген 100-ден астам оқушы журналистика мамандығына жаңа көзқараспен қарап, бұл саланың тек кеңседе жұмыс істеумен шектелмейтінін, сонымен қатар тұрақты белсенділікті, жан-жақты тәжірибені және күн сайын жаңа әсерлерді қамтитынын түсінді.
Аталған жоба келесі айда да жалғасын тауып, Алматы облысының өзге де мектептерін қамтитын болады!
.png)






















