2026 жылғы 29 қаңтарда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Еуразияның жаңа энергетикалық картасын қалыптастыру: мүдделер, тәуекелдер және перспективалар» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтілді. Іс-шара Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультетінің Халықаралық қатынастар кафедрасы тарапынан университетішілік инновациялық жоба – «Еуропаның жаңа энергетикалық картасы: энергетикалық қауіпсіздіктің геосаяси стратегиялары» аясында ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел жұмысына С. Азаков, Баку Жоғары мұнай мектебінің Мұнай инжинирингі кафедрасының профессоры; Р. Махабир, доцент, және Э. А. Энн Алисия Рупнаринесингх, Оңтүстік-Кариб университетінің өкілі; С. Демирчи, PhD докторы, Чанкыры Каратекин университеті (Түркия); Ж. Р. Жабина, саяси ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының өкілі (Астана); М. Фумагалли, PhD, Сент-Эндрюс университетінің қауымдастырылған профессоры (Шотландия); Тажибаев А. А., «Alageum Engineering» ҒТЦ ЖШС бас директоры; Лю Сияо, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың докторанты, сондай-ақ университеттің оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында энергетика саласындағы мүдделер теңгерімі, энергетикалық өтпелі кезеңнің өзекті мәселелері, жасыл энергетикаға көшу жағдайындағы 3E моделі, тәуекелдерді басқару және тұрақты ұзақ мерзімді шешімдерді іздеу, оның ішінде тұрақты даму мақсаттары аясындағы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар технологиялық инновациялар, жаңартылатын энергия көздері, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ақпараттық-коммуникациялық стратегиялар сияқты тақырыптар қарастырылды.
Дөңгелек үстел мазмұнды, әрі нәтижелі өтті.

.png)






















