2025 жылғы 27 желтоқсанда KT&G Scholarship Foundation Korean Center ұйымдастырған корей тілінен II шешендік шеберлік конкурсы өтті. Аталмыш конкурсқа Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шығыстану факультеті, 6В02201 – «Шығыстану» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Азатова Аружан Жанибекқызы қатысты. Ғылыми жетекшісі – магистр О Санг Хо. Нәтижесінде, көптеген қатысушылар арасынан Азатова Аружан жүлделі III орынды иеленді.
![]() |
![]() |
Университетіміз бен факультетіміздің мәртебесін асқақтатқан студентімізді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы шығармашылық жолында зор табыстар тілейміз!


.png)






















