Ағымдағы жылдың 16 ақпанында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің базасында маңызды қоғамдық-саяси іс-шара – «Қазақстан – біртұтас ел» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Кездесуді Алматы қаласының Республикалық Достық үйі Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) Жас ғалымдар клубы және ҚазХҚжәнеӘТУ-дің Халықаралық қатынастар кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдардың, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің, ғылыми және шығармашылық қауымдастықтың, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.

Негізгі қатысушылар мен спикерлердің қатарында:
- Рафик Якубович Мирзоев— Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) Республикалық қорының төрағасы;
- Акимжан Арупович Арупов — «Тұран» Университеті жанындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының (ӘЭХҚИ) директоры, профессор, академик;
- Гульнара Атаевна Аннакулиева — «Алматы қаласы мен Алматы облысының түрікмен қоғамдық-мәдени орталығының» төрайымы;
- Мендыганым Джамалбековна Шаймерденова — тарихшы, профессор, ХАА академигі, ҚХА мүшесі (Алматы қ.);
- Мухамеджанов Эдуард Болатович — Кәсіби заңгерлік кеңесшілер палатасының мүшесі, Татуластыру және арбитраж орталығының арбитры, заңгер-ғалым, заң ғылымдарының докторы, ҚазХҚжәнеӘТУ Халықаралық құқық кафедрасының профессоры;
- Мурад Шамилов— Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дің халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы;
Сондай-ақ пікірталасқа қала жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студент жастары қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты — қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында ұлттық бірлікті нығайтудың ортақ тәсілдерін әзірлеу. Қатысушылар елдің зияткерлік әлеуетінің жаңғыру және азаматтық шоғырлану процестеріндегі рөлін егжей-тегжейлі талқылады.
Өзекті саяси процестерге ерекше назар аударылды:
- Конституциялық реформа:сарапшылар елдің Негізгі Заңына енгізілген жүйелі өзгерістер Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның іргетасын қалайтынын атап өтті.
- Жалпыұлттық коалиция:дөңгелек үстелге қатысушылар қоғамның барлық топтарының бірлігі маңызды екенін айта отырып, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» бастамасына бірауыздан қолдау білдірді.
Іс-шара ашық пікір алмасумен аяқталды. Оның барысында студенттер мен жас ғалымдар сарапшыларға сұрақтар қойып, ел болашағын құруға белсенді қатысуға дайын екендіктерін көрсетті.
.png)






















