2026 жылғы 26 ақпанда ӘМжәнеТЖ жөніндегі проректор Серёжкина Т.В.-ның қатысуымен кафедралардың кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты оқытушыларымен онлайн-кездесу өтті. Кездесу барысында 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау науқанына дайындық шеңберінде I жартыжылдықтағы жұмыстың қорытындылары және алдағы жоспарлар талқыланды.

Негізгі баяндама ӘМжәнеҚБ бөлімінің басшысы Жанысова К.Н. тарапынан ұсынылып, Университеттің талапкерлерді кәсіби бағдарлау бағытында атқарған жұмыстары бойынша презентациялық есеп таныстырылды. Баяндама шеңберінде 2025–2026 оқу жылының бірінші жартыжылдығында ӘМжәнеҚБ бөлімінің нәтижелері, атап айтқанда, ашық есік күнін өткізу, мектеп және колледж түлектерімен кездесулер ұйымдастыру, білім беру көрмелеріне қатысу, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жүргізілген белсенді кеңес беру жұмыстары қамтылды. Сонымен қатар Университет кафедраларының кәсіби бағдар беру қызметін жүзеге асырудағы үлесіне ерекше назар аударылды. Кафедралар ұйымдастырған іс-шаралар мен жауапты оқытушылардың мектеп және колледж түлектерімен өткізген кездесулері туралы нақты мәліметтер ұсынылды.
Кездесу барысында ӘМжәнеТЖ жөніндегі проректор Серёжкина Т.В. кәсіби бағдар берудің әрбір білім беру бағдарламасын талапкерлерге таныстырудағы негізгі құрал ретіндегі маңыздылығына тоқталып, кафедралар тарапынан жүзеге асырылып жатқан жұмысты жүйелі әрі мақсатты түрде жалғастырудың, мақсатты аудиториямен өзара әрекеттесу формаларын кеңейтудің, сондай-ақ Университеттің құрылымдық бөлімшелері арасындағы жұмысты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті.
.png)






















