Международ қатынастар білім бағдарламасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері А.Х. Арыстанбекова – Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы алғашқы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының бұрынғы Сыртқы істер министрі, тарих ғылымдарының докторы, профессор – қатысқан студенттер мен жас ғалымдар кездесуі өтті.

2026 жылдың 2 наурызында Алматыда Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануының жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шара өтті. Бұл іс-шараны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің БҰҰ туралы академиялық аймақтық ресурс орталығы мен Алматыдағы БҰҰ Бас коммуникациялар департаментінің Өкілдігі бірлесіп өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар Қазақстанның БҰҰ-ға қосылу процесімен, елдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Тұрақты өкілдігінің құрылуымен және Алматыдағы алғашқы БҰҰ кеңсесінің ашылуымен танысты. Сонымен қатар, тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның БҰҰ қызметіне қосқан үлесі мен академиялық қоғамдастықтың ұйымның қағидаттары мен құндылықтарын насихаттаудағы рөлі ерекше атап өтілді.
Кездесу кәсіби байланыс орнатуға, пікір алмасуға және халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаң болды.
.png)






















