2026 жылғы 4 наурызда сағат 14:00-де 8D02322 – «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы аясында докторанттар мен магистранттар үшін профессор Раев Дәулет Садвақасұлының «Тіл білімінің философиялық мәселелері» тақырыбында дәрісі өтті.


Дәріс барысында тіл білімінің философиялық негіздері, сондай-ақ тіл, ойлау және таным арасындағы өзара байланыс мәселелері қарастырылды.
Іс-шараға сондай-ақ Б. С. Жұмағұлова, С. М. Сексенбаева, А. М. Күркімбаева қатысып, ұсынылған ғылыми мәселелерді талқылауға және дәріс тақырыбы бойынша пікір алмасуға атсалысты.
.png)






















